Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 тамыз 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы және Түркістандағы жаңа инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, Президентке тартылатын шетел инвестицияларының ағымдағы көрсеткіштері, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты дамыту, 2020 жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық туралы мәлімет берілді.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың тиімді жүзеге асырылуын, сондай-ақ Арыс қаласындағы барлық қалпына келтіру жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар